Пайдаланушылық келісімdodabilim.kz сайтының (бұдан әрі – Сайт) қызметтерін пайдалана отырып, Сіз осы Пайдаланушылық келісімнің (бұдан әрі – Келісім) шарттарын толық оқып шыққаныңызды, түсінгеніңізді және оны орындауға келісетініңізді растайсыз.
Сайт Әкімшілігі (бұдан әрі – Әкімшілік) Пайдаланушыға алдын ала және/немесе кейіннен хабарламай-ақ, кез келген уақытта осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады. Келісімнің жаңа нұсқасы осы бетте жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Пайдаланушы өз бетінше өзгерістерді қадағалауға міндетті.
Егер Сіз төменде көрсетілген шарттармен келіспесеңіз, Сайтты пайдалануды дереу тоқтатып, парақшадан шығып кетуіңіз керек.1. Сайттың қызметтері1.1. Сайт Пайдаланушыға онлайн олимпиадалар, тестер, сауалнамалар, кроссвордтар мен логикалық ойындарды жасауға, жариялауға және олардан өтуге арналған сервистерді ұсынады.
1.2. Сайт сонымен қатар пайдаланушылармен (оқушылармен, мұғалімдермен, респонденттермен) жұмысты ұйымдастыруға арналған қосымша білім беру және ұйымдастыру құралдарын ұсынады.
1.3. Барлық ашық тестер, олимпиада материалдары және олардың нәтижелері тек ақпараттық және танымдық сипатта болады.
2. Тіркелу және дербес деректер2.1. Сайт сервистерін толық пайдалану үшін Пайдаланушы тіркеуден өтіп, бірегей есептік жазба (аккаунт) жасауы қажет.
2.2. Тіркелу кезінде Пайдаланушы электрондық пошта мекенжайын көрсетеді және құпия сөз тағайындайды. Пайдаланушы өз есептік жазбасының қауіпсіздігі үшін жеке жауапты болады.
2.3. Пайдаланушы өзі туралы нақты мәліметтерді беруге міндетті. Дербес деректер Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңделеді.
3. Контент және авторлық құқықтар3.1. Пайдаланушы өзі орналастырған материалдардың (тестер, файлдар, тапсырмалар — бұдан әрі Контент) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне, соның ішінде үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарының сақталуына жеке жауапты болады.
3.2. Пайдаланушы автордың (құқық иеленушінің) рұқсатынсыз өзге сайттардан немесе дерекқорлардан алынған Контентті жариялауға құқығы жоқ.
3.3. Сайтта олимпиада өткізу барысында пайдаланылатын Dodabilim.kz материалдары авторлық құқықпен қорғалады.
4. Жауапкершілікті шектеу4.1. Сайт және барлық сервистер «Қалпында» (As is) қағидаты бойынша ұсынылады. Пайдаланушы сервистерді өз тәуекелімен қолданады.
4.2. Әкімшілік сервистердің үздіксіз, қатесіз және жылдам жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың Пайдаланушының нақты мақсаттарына сәйкестігіне кепілдік бермейді.
4.3. Әкімшілік Сайтты пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігі салдарынан болған тікелей немесе жанама шығындар үшін жауап бермейді.
5. Сайтта тыйым салынған әрекеттерСайтта келесі сипаттағы материалдарды орналастыруға қатаң тыйым салынады:
- Жеке тұлғаға, топқа немесе ұйымға қарсы қоқан-лоқы немесе насихат;
- ҚР заңнамасымен тыйым салынған порнографиялық, зорлық-зомбылық, есірткі немесе психотроптық заттарды насихаттайтын материалдар;
- Нәсілдік, діни, этникалық араздықты немесе өшпенділікті қоздыратын ақпарат;
- Әдепсіз, дөрекі сөздер және балағаттау;
- Коммерциялық жарнама, спам, үгіт-насихат материалдары;
- Азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін кез келген ақпарат.
6. Қорытынды ережелер6.1. Осы Келісіммен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6.2. Осы Келісім аясында туындаған барлық даулар сотқа дейінгі келіссөздер арқылы, ал келісімге келмеген жағдайда Сайт иесінің орналасқан жері бойынша ҚР соттарында қаралады.